Маунтинбайктан Азия чемпионы Алина Сарқұлова өз таңдауын жасады

19.03.20231970

Таң сәріден басталған сайлауға Сарқандық Алина Сарқұловада №349 сайлау участкесіне барып, науқанан тысқары қалмай дауысын берді.

Алина Сарқұлова Азия чемпионы бұдан бөлек, Түркияда өткен маунтинбайк жарысында бірден екі алтын жеңіп алған ең алғашқы қазақстандық спортшы.

“Еліміздің өсіп-өркендеп дамығанын қалаймын. Сондықтан ел ертеңіне бей-жай қарамай, кемелдену жолында аянбай еңбек етуге дайын азаматтарды қолдау үшін сайлауға келдім. Таңдау жасадым. Бүгінгі сайлаудың барлығымыз үшін өте маңызды. Барша аудан жастарын саяси науқаннан қалыс қалмауға шақырамыз”,- деді чемпион.

Айта кетейік, бүгінгі сайлауға дауыс бергендердің қатарында жасы 100-ден асқан 5 қарт анамызда бар.

#ЕлҮшінТаңдау
#ӨзКандидатыңдыТаңда
#Сайлауғабарамын
#ЖетісуСайлау

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *