АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

19.03.2023890

Қазақстанның кемел келешегі, өскелең ұрпақтың баянды болашағы үшін Ауған соғысының ардагерлері Үштөбе қаласындағы №137 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады.

Сайлауға келген Қаратал ауданы бойынша Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Болат Бейсенбаев

 – Бүгін біз Ауған соғысы ардагерлері өскелең ұрпаққа үлгі болсын деген ниетпен сайлауға толық жиналдық. Себебі бұл біз үшін аса маңызды күн. Балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердік, – деді майдангер.

Қоғамдық іс-шаралардан шет қалмайтын ардагерлер бүгінгі сайлау Қазақстан дамуына үлкен өзгерістер әкелетініне сенімді.

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *