Қолөнерші отбасы дауыс берді

19.03.20232020

Қазақтың қолөнері – ұлттық мәдениетті насихаттайтын, байырғы, әрі құнды салалардың бірі болып табылады. Бүгінде осы ұлттық болмысты сақтап, дәстүрімізді дәріптеп, рухани жаңғыру жолында талмай еңбек етіп жүргендердің бірі – Шәмен әулеті.

«Отбасымызбен сайлауға белсене қатысамыз деп нақты шешім қабылдадық. Мұнда барлық жағдай жасалған, әуезді ән, үлкенді сыйлап кішіге ізет көрсету сияқты әдептіліктің барлығы сақтауға тырысып жатыр. Әркім өз таңдауын жасауда» — деді шеберші.

Отбасының отағасы – Жұманұр ағамыз қолөнер жолы оңай еместігін айтып, еш қиындыққа қарамай еңбек етумен қатар, өзінің ұл-қыздарын және шәкірттерін да өнерге баулып келеді.

«Бізге қол өнер әкемізден дарыған. Әкеміз ағаштан түрлі бұйымдар жасауды үйреткен, оның осы ісін қазір жалғастырып келеміз. Қазақтың өнерін дәріптеп, ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде жеткізу ғана мақсатымыз бар» — деді ол.

Он саусағынан өнер тамған отбасы мүшелерінің қай-қайсысы болсын ұлттық өнерді жанына жақын тартып, дәстүрді жаңғыртумен айналысып келеді.

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *