Әр адамның дауысы маңызды

19.03.20231040

Сайлауда әр адамның дауысы маңызды. Бұндай саяси науқанда мемлекет барлық азаматтар үшін ортақ жағдай жасауда. Әсіресе, ем қабылдап, аурухана қабырғасында жатқандар үшін арнайы жылжымалы комиссия құрылып, өз жұмысын тиісті деңгейде атқаруда.
Алакөл аудандық орталық ауруханасында 60-тан астам емделуші бар. Олардың барлығы да өз құқықтарын толықтай пайдаланып, еліміздің болашағы үшін дауыс беруді қалайды. Осы ретте науқастардың да толыққанды сайлауға қатысуы үшін төсектеріне дейін дауыс жәшігі әкелініп, таңдау жасауға мүмкіндік берілді.
«Біз дән ризамыз. «Жаңа Қазақстанды» құруға барлығымыз да атсалысуымыз керек. Ауруханада жатқан адамдарды да ұмытпай, саяси дүниеге араласуымызға, өз дауысымызды қалаған үміткерімізге беруге мүмкіндік жасағандарға алғысымыз шексіз. Елдің ертеңін қалыптастыруда әр адамның таңдауы өзекті. Біз барлығымыз да бұл мүмкіндікті жіберіп алмай, барынша белсенділік танытуымыз керек. «Көп тебінсе жер де сілкінеді» дейді. Демек, жұрт болып жұмылу арқылы ғана біз бүгінімізді, келешегімізді де өзгерте аламыз»,- дейді, дауыс берушілердің бірі, хирургия бөлімінде жатқан Баян Маманова.

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *