ТЕКЕЛІДЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

19.03.20231160

Текелі қаласында жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Тыщенко өз дауысын берді.
Ардагер атамыз саналы ғұмырындағы барлық саяси науқандарға белсенді қатысып келеді.
Тыщенко Михаил Абрамович 1927 жылы дүниеге келген. Соғысқа дейін колхозда кызмет еткен. Соғыстан кейінгі жылдары Текелі қаласы қорғасын-мырыш комбинатында еңбек жолын жалғастырған. Бүгінде Михаил Абрамович Текелі қаласындағы Ұлы Отан соғысына қатысқан көзі тірі жалғыз ардагер.

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *