Бүгінгі сайлау күні қарсаңында Сарқан ауданының орталық алаңында спорттық шаралар өтті.
Шарада жерлесіміз сарқандық Қымбат Қадырбаева қолкүрес сайысынан сынға түсіп, жүлделі 2 орынға ие болды.
– Сайлауға келіп, дауыс беру әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы. Сондықтан өз таңдауымызды жасауға белсенді болайық. Жұртымыз тыныш, еліміз аман болсын”,- деді ол.
Саяси науқан аясындағы шарада жүлдегер атанған жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз!
Сарқан ауданы,
Жақсылық ИГМАНОВ