Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

2 маусымда кешке елордадағы Самал ықшам ауданында жол апаты болды. Жолаушылар таситын автобус хабарландыру таблосы ілінген бағанға соғылды, деп хабарлайды bairak.kz.

Жол апаты Республика даңғылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші маневр жасау кезінде рөлге ие бола алмай, жарық бағанасына соғылған.

Жарақат алғандарға медицина қызметкерлері көмек көрсетіп жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Артынша автобустың алдыңғы бөлігінің фотосы жарияланды. Кадрлардан көлік құралының есігі ашылмай қалғанын көруге болады.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарақат алған 10 адам қалалық стационарға жеткізілді. Зардап шеккендердің екеуі ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілді. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Зардап шеккендердің бірі ауыр жағдайда, шұғыл операция жасалып жатыр,  — деп мәлімет берді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Фото: astanovka98

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда журналистер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті

bairakkz

Ақтөбе облысында Қытай тәттісінен оқушылар жаппай уланды

bairakkz

«ЖЫЛДА ДАУЫСТЫ ҮЙДЕН БЕРЕТІНМІН»: КӨЗІ КӨРМЕСЕ ДЕ САЙЛАУҒА КЕЛДІ

bairakkz