Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Әзербайжанның Розасына риза болдым, қазақтың Розасы өкінішке қарай…

Хитке айналған «İstedәm» әнінің орындаушысы Роза Зергерлі  «Хабар» арнасы көрсеткен «Қызық премия» жобасында қонақта болды. Оған номинация тапсыру кезінде Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева шықты. Алайда еліміздің ерке әншісінің сахнада орысша сөйлеуі көптеген желі қолданушыларының ашуына тиіп жатыр, деп хабарлайды bairak.kz.

Әзербайжанның Розасына риза болдым, Қазақтың Розасына өкінішке қарай… Әзербайжан әншісінің «Әкем атымды Роза Рымбаеваның құрметіне қойды» дегенін, екі Розаны бір сахнада кездестірдік дегенді бір жерден оқып қалғасын, сол бір әсерлі сәтті көргім келді.Роза Зергелі халықпен амандасқанда да, жүргізушілермен сөйлескенде де өз ана тілінде сөйледі. Артынша Роза Рымбаеваны сахнаға шақырғанда, әзірбайжан қызы қатты қуанды, көрініп-ақ тұрды. Халық та орнынан тік тұрып қошеметпен қарсы алды. Ал біздің апамыз келе сала орысшалады. Екі туысқан елдің тілі бір-біріне түсініксіз деп сақтанса, мейлі, тым болмаса неге қазақша амандаспады елмен, қонақпен? Үлкен Роза орысша сөйлегесін, кіші Роза да құрмет танытып орысша диалогтасты. Сізді орысша білмейді екен десек деп жүргізушілер таңғалып жатса, Роза Зергелі өз тілдеріміз өзара түсінікті деп онан сайын ұялтты-ау?  Несі бар, Үлкен Роза ортақ түсінікті тілде сөйлесе дейтіндеріңіз бар шығар? Елді қашан қазақ қыламыз деп жанұшырып жүргенімізде, елге үлгі апамыз ана тіліміздің қадірін асқақтатып жіберсе ғой осындай сәттерде, — деп жазды айтыскер Ержеңіс Әбдиев.

Айта кетейік, Роза Зергерлі есімін әкесі Роза Рымбаеваның құрметіне қойғанын айтқан еді.

Роза Зергерлі Қазақстанға келген бойда бірден Роза Қуанышқызымен кездескен. Қос жұлдыздың кездескен сәтінің видеосы Instagram желісінде тарап кетті.

Екі Роза болып отырмыз. Мейрамханаға келіп, амандасып, құшақтасып отырмыз. Туғандар сияқтымыз. Қызығы оның есімін менің құрметіме қойған екен, — деді Рымбаева.

Оған қоса әзербайжандық әнші атының шығу тарихына қатысты қызықты оқиғаны айтып берді. Сөзінше, оның әкесі отставкадағы генерал-майор кезінде Роза Рымбаеваға ғашық болған. Сол себепті қызына әйгілі қазақ әншісінің есімін берген.

Жанкүйерлер бізді көргенде дірілдеп, қобалжып кетеді. Ол сезімді енді өзім де сезіндім. Мен Роза ханыммен кездесуді ұзақ күттім. Бұл нағыз шынайы махаббат. Менің атымды Роза Рымбаеваның құрметіне қойған. 1979 жылы Роза ханым 21 жаста «Любовь настала» әнімен «Жыл әні» марапатын алды. Осы әйелге ғашық болып, жанкүйері болып, маған Роза деп ат қойғаныңа рақмет, әке. Адамның есімі оның өміріне үлкен әсер етеді, — деп ағынан жарылды өнер иесі.

@marzhan_ashimhan #қызықпремия2024 #кызыкпремия2024 #кызыктаймс2024 #кызыктаймс ♬ оригинальный звук — marzhan_ashimhan

Сәйкес жаңалықтар

БАТЫРҒА ҚҰРМЕТ

bairakkz

Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысын қабылдады

bairakkz

“Өмірім 3 секундта өзгерді“. Ернар Айдар қиын кезеңді еске алды

bairakkz