Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Балаларды қорғау күні: «Шаттық Party» ақтаулық балаларға қуаныш сыйлады

Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай “Шаттық Party” атты мерекелік кеш өткізілді. Шараның басты мақсаты – балаларға шаттық пен мерекелік көңіл-күй сыйлау ғана емес, сондай-ақ қоғамдағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету болып отыр.

Қала балалары мен ата-аналарына арналған бұл кеште түрлі ойын-сауық бағдарламалары, аниматорлық шоулар ұйымдастырылып, бүлдіршіндер жарқын әсер мен естен кетпес сәттерге бөленді. Сонымен қатар, ерекше балаларға арнайы сыйлықтар тарту етіліп, оларға деген қоғамның жылы қарым-қатынасы мен қамқорлығы айқын көрініс тапты.

Жастар ресурстық орталығының директоры Гүлмира Бухандинова шарның маңызына тоқталып өтті.

«Балалар – еліміздің болашағы. Олар үшін жасалып жатқан әрбір іс – жарқын келешекке салынған даңғыл жол. Бұл кеш – тек көңіл көтеру емес, сонымен бірге қоғамдағы әр баланың, әсіресе ерекше балалардың назардан тыс қалмайтынын көрсететін игі бастама. Ел көлемінде балаларды қорғау ісіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған “Балалар жылы”, “Бақытты отбасы” секілді мемлекеттік бағдарламалар – соның жарқын дәлелі. Біз де өңірімізде балалардың толыққанды дамуына, олардың құқықтарын қорғауға және қоғамға бейімделуіне барынша жағдай жасауды мақсат етеміз», – деді ол.

“Шаттық Party” кеші – балалардың жүзіндегі күлкі мен қуаныш арқылы өмірге риясыз шаттық сыйлаған шынайы мереке болды.

Фото: МО жастар ресурстық орталығы

Сәйкес жаңалықтар

Майк ТАЙСОН: ҚҰДАЙДАН ҒАНА ҚОРҚАМЫН

bairakkz

Тоқаев Франческо Депаскуалені қабылдады

bairakkz

Ашхабад-2017: Иван Иванов ядро серпуден Қазақстанға алтын жүлде сыйлады

Ришат