Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Бишімбаев ісі арқылы танылған адвокат Жанна Уразбаховаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Марқұм Салтанат Нүкенованың мүддесін қорғаған адвокат Жанна Уразбахованың үстінен қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды bairak.kz.

Алматы ПД баспасөз қызметі істің мән-жайын жариялады.

Ведомствоның мәліметінше, адвокаттар Жанна Уразбахова мен Ғабит Бекитаевқа қатысты «бопсалау және алаяқтық» туралы қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу деректерін жария ету фактісі бойынша іс қозғалған.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тыйымға қарамастан, аталған адамдар тергеу барысы туралы ақпаратты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы таратқан. Бұдан басқа, күдіктілер тергеу әрекеттерін қасақана бұзған және процессуалдық процеске міндетті түрде қатысу керектігін елемеген, — деп хабарлады ведомстводан.

Сәйкес жаңалықтар

Атырауда картопты үш келіден артық сатқызбай жатыр

bairakkz

Арман Оспанов желтоқсан айында жекпе-жекке шығады

Ришат

«О бастан үйретіп тастаймын». Гүлзира Айдарбекова келіндерін қалай тәрбиелейтінін айтты

bairakkz