Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтарСаясат

«Бұдан қорқудың қажеті жоқ». Тоқаев Шымкент әкіміне тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Шымкент қаласындағы заңсыз салынып кеткен құрылыстарды сүру жұмыстарына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды bairak.kz.

 Шымкентте жер телімдеріне қатысты өткір мәселе шешілмей тұр. Заң алдында бәрі бірдей. Сондықтан былтырдан бастап заңсыз салынған нысандар сүріле бастады. Мемлекеттік органдардың мұндай әрекеті сынға ұшырап жатыр. Бірақ бұдан қорқудың қажеті жоқ. Себебі әкімдік заңға сәйкес жұмыс істеп жатыр. Алайда халықпен пікір алмасуды жалғастыру қажет. Яғни, түсіндіру жұмысын тоқтатпау керек, — деді президент.

Президент елде өзін қоғам белсендісі санайтын топтар пайда болғанын еске салды.

 Олар көп жағдайда әлеуметтік желіні пайдаланып, биліктің түпкі мәні дұрыс, бірақ бәріне бірдей ұнай бермейтін шешімдері туралы орынсыз дау көтеріп, елді дүрліктіреді. Сондықтан барлық шешімді халыққа жақсылап, мұқият түсіндіру маңызды. Бұл мәселе бүкіл аймаққа қатысты. Кез келген жұмыс барынша ашық әрі түсінікті болған жөн, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сәйкес жаңалықтар

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды

bairakkz

Қазақстандық жасөспірімдер Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль алды

bairakkz

Перизат Қайраттың AMANAT партиясына қатысы бар ма

bairakkz