Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарҚоғам

Былтыр жүргізушілер 120 млрд теңге айыппұл төлеген

Жол ережесін бұзған жүргізушілер 2024 жылы 120 млрд теңге айыппұл төлеген. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтың Марат Қожаевтың депутаттық сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды bairak.kz.

Бектенов 2023 жылы жол қозғалысына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық көлемі аз болғанын айтқан. Нақты айтқанда 2023 жылы 3,8 млн жол ережесін бұзу фактілері анықталса, 2024 жылы бұл көлем 12,7 млн жағдайға артқан.

12,7 млн әкімшілік құқық бұзушылық үшін 139 млрд 850 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

Оның 119 млрд 792 млн теңгесі немесе 85,7 пайызы өндірілді. 28,5 мың (+28%) жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, 23 мыңы (+11%) әкімшілік қамауға алынды. Жаяу жүргіншілерге қатысты мақсатты жұмыстар жүргізілуде, көрсетілген тұлғалардың 420,4 мыңы (+42%) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген жауапта.

Сонымен бірге 47 мың жол қозғалысы ережесін бұзған электросамокат жүргізушілері жауапкершілікке тартылған.

Сәйкес жаңалықтар

Серік Қонақбаев AIBA президенті қызметіне ұсынылды

bairakkz

Шымкентте салмағы 7 келіге жуық сәби дүниеге келді

bairakkz

Үкіметте қант зауытының жобасы таныстырылды

bairakkz