Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Елена Рыбакина рейтингте төмен құлдырады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингтегі позициясы нашарлады. Күні кеше Индиан-Уэллсте (АҚШ) аяқталған турнирде отандасымыз ойсырай жеңіліп, жарысты үшінші айналымнан аяқтаған еді, деп хабарлайды bairak.kz.

Бұған дейін әлемдік рейтингте жетінші орында болған Рыбакина бір саты төмен түсіп, сегізінші орынға тұрақтады. Ал, аталған турнирде чемпион болған ресейлік Мирра Андреева 11-орыннан алтыншыға дейін көтеріліп отыр.

Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваның жағдайы да мәз емес. Жыл басында 20-шы орынға дейін көтерілген ол бүгін 24-ші орыннан бір-ақ көрінді.

Жібек Құламбаева болса 13 сатыға жоғарылап, 309-шы орынға тұрақтады. Зарина Дияс 325-ші орында.

Рейтингтің алғашқы үштігі өзгеріссіз қалды: Арина Соболенко (Беларусь), Ига Швентек (Польша) және Кори Гауфф (АҚШ).

Фото: WTA

Сәйкес жаңалықтар

#САЙЛАУ2023

bairakkz

Жамбыл облысы әкімі Астанаға келгенде басқарма басшысы тамырын кесті

bairakkz

Табысы аз қазақстандықтарға несие беру талаптары қатаңдайды

bairakkz