Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Халық әртістерінің әрекеті әлеуметтік желіде талқыға түсті

Қазақстанның танымал әншілері Роза Рымбаева, Айжан Нұрмағамбетова және Шахизада әлеуметтік желідегі кең таралған трендті қайталап, жанкүйерлерінің көңілін көтерді, деп хабарлайды bairak.kz.

Үш әнші гример бөлмесінде сәнді, көз тартарлық киімдерімен камера алдында көңілді билеп, көрермендеріне ерекше әсер сыйлады. Олардың бұл бастамасы тыңдармандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, желі қолданушыларының ықыласына бөленді.

Желі қолданушылары әншілердің шынайы қуанышын жоғары бағалап, пікірлерін қалдырды:
«Роза Рымбаева! Оған тең келер ешкім жоқ!», «Нағима Есқалиева да болғанда керемет болар еді», «Роза өте сымбатты, сәнді, керемет!», «Неткен керемет көрініс! Бәрі де сұлу!», «Жарайсыздар! Айжан әрдайым ерекше!», — деп жазды желі қолданушылары.

Фото: видеодан скрин

Сәйкес жаңалықтар

Алимент төлемеу үшін қулыққа барған әке қолға түсті

bairakkz

Мукагали Макатаев сделал свой выбор

bairakkz

Сайлауға мерекелік көңіл күй сыйлады

bairakkz