Ислам даму банкінің қолдауымен еліміздің бірнеше өңірінде су инфрақұрылымын жақсарту жобасы басталды, деп хабарлайды bairak.kz.
Атап айтқанда:
4 жаңа су қоймасы;
4 су қоймасы қайта жаңғыртылады;
115 су арнасы жөнделеді;
Жұмыстар Астана қаласы мен Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан және Жетісу облыстарында жүргізіледі.
Сонымен қатар, су бассейндерін зерттеу, ерте ескерту жүйесін енгізу және «Қазсушарды» жаңғыртуға да қаржы бөлінеді.
Жоба БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп жүзеге асады.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, бұл бастама еліміздің су саласын дамытуға тың серпін береді.
Қысқа мерзім ішінде Үйлестіру кеңесі аясында үлкен жұмыс атқарылды. Ислам даму банкінің инвестициялары Қазақстанның су инфрақұрылымын жетілдіруге көмектеседі. Сонымен қатар біз еліміздің су саласын дамыту жобаларына жаңа серіктестер тарту үшін БҰҰ Даму бағдарламасымен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз, — деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.