Отандық танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлының отбасына қатысты жұрт білмейтін құпияны жария етті, деп хабарлайды bairak.kz.
Продюсер немерелерінің есімін қоярда неге мән бергенін айтты.
«Алаудың есімін қоярда, әлі ешкім қоймаған есімді ойладым. Көз алдыма елестеткенім – жалындап тұрған алау болды, көрген адамның жүрегін қарып өтіп, есінде сақталатын энергиясы мықты, жалындап тұрған оттай болсыншы деп Алау деп есімін қойдым.
Ал Нарұл баламызды, ұлдың нары болсын, нар бала болсын, биік болсын деп Нарұл қойдым, дейді Гүлзира Айдарбекова.
Продюсер өз сөзінде қазіргі заманда танымалдылық ауадай қажет екенін ерекше атап өтті.
20 жылдан бері, тұла бойым тұңғышым, өздеріңіздің ақ Қайроштарыңызды сіздерге танылуына себепкер ана болғаныма куәсіздер. Мейлі ел адамы болып сайлану үшін де, бизнесін дөңгелетіп кетуі үшін де алдымен танымалдылық ауадай қажет, ол үшін күресіп жүрген, ізденіп жүрген қаншама адам, бірі қаншама млн ақша салса да елене алмай, біреулері адал еңбектерімен-ақ танымалдылыққа ие.
Алланың берген бағымен таласпа дейміз, сонда да болса «піс, аузыма түс» емес, алға қойған мақсатың мен жүректегі адал қасиетің, шыншылдығың, қара тер еңбегің сені жетелеп ұзаққа алып баратын.
Иә, ұрпағымыздың қай-қайсысына болмасын өмірлік нанын қолдарына ұстата алдым деп ойлаймын, әрине, ол танымалдылық. Ары қарай бақ өз қолдарында… Өміріміздің жалғасы — ұрпағымыз, абыройлы аттары айға ұшқан саналы, көркем мінезді азаматтары болып елдің сүйіктісіне айнала берсін! деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova