Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарҚоғам

LRT бойынша мемлекет алдындағы қарыз өтелді – прокуратура

Астана қаласының прокуратурасы LRT бойынша мемлекет алдындағы қарыз өтелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды bairak.kz.

Елорда прокуратурасы мемлекет, оның ішінде жалғыз құрылтайшысы Астана қаласының әкімдігі cаналатын City Transportation Systems ЖШС-нің (бұрынғы «Astana LRT» компаниясының) пайдасына қатысты сот актілері орындалуына талдау жүргізді.

Қадағалау шараларымен борышкерлер мемлекет балансына жалпы 40 жылжымайтын мүлікті берген, оның ішінде мынадай мүліктер бар:

  • 39 тұрғын емес үй-жай;
  • 12,8 гектар темір жолдары бар жер учаскесі.

Қайтарылған активтердің жалпы құны 920 млн теңге болады. Мемлекеттің пайдасына құны 615 млн теңге тұратын тағы 37 мүлік өндіріліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр, — деп жазылған хабарламада.

Сәйкес жаңалықтар

АРДАГЕРЛЕР КҮМІСПЕН КҮПТЕЛДІ

bairakkz

«Iphone, чипсы, кока-кола алмаңдар». Депутат ақшасын босқа құртатындарға үндеу жасады

bairakkz

Ертең «Болат Тұрлыханов кубогы» халықаралық турнирі басталады

Ришат