Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Маңғыстауда «Жас Тұлпар – 2024» жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Маңғыстау облысында өңір жастарының таланттары мен жетістіктерін қолдау және ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған «Жас Тұлпар – 2024» байқауының жеңімпаздары анықталып, салтанатты түрде марапатталды.

Байқауға қатысу үшін 25 қараша мен 5 желтоқсан аралығында құжат қабылдау жүргізіліп, барлығы 241 өтінім түсті. Қатысушылар түрлі салалардағы жетістіктерін сарапқа салды. Нәтижесінде, 12 аталым бойынша үздіктер анықталды:

— «Үздік жас ғалым» – Ибраева Маншук Мұратқызы
— «Үздік жас мұғалім» – Атаназаров Марат Әбубәкірұлы
— «Үздік жас маман» – Қылышбаев Төлеген Құрманбайұлы
— «Үздік жас дәрігер» – Танауов Бауыржан Жоламанұлы
— «Үздік жас кәсіпкер» – Тұрсекенов Данияр Тұрарұлы
— «Жас көшбасшы» – Кисбаев Юсуф Қонақбайұлы
— «Бейбіт күннің батыры» – Садақбаев Азамат Қыдырғожаұлы
— «БАҚ саласының үздік жас қызметкері» – Жеменей Голрох Ақбердіқызы
— «Жас дарын» – Асқамбаев Темірбек Ерсайынұлы
— «Ауылдың үздік жас маманы» – Григолова Александра Николаевна
— «Үздік жас спортшы» – Сеитова Жанұя Серікбайқызы
— «Жыл жаңалығы» – Бейнеу тұрғындары.

Жеңімпаздарға өңірдің дамуына қосқан үлестері мен кәсіби шеберліктері үшін 500 мың теңге көлеміндегі ақшалай сертификаттар табысталды.

Бұл байқау жастардың патриоттық сезімін, кәсіби дамуға деген ұмтылысын және қоғамға пайдалы болуға деген құлшынысын арттыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады. «Жас Тұлпар – 2024» жастарға жаңа белестерді бағындыруға шабыт беріп, өз салаларында үздік болуға мотивация сыйлады.

Сәйкес жаңалықтар

«Челси» 16 жастағы қазақ футболшысына көз тікті

bairakkz

Магистратураға грант тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталады

bairakkz

Жетісу өңірінде мектептік өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде

bairakkz