Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Нариман Құрбанов әлем кубогының кезеңінде жүлдегер атанды

Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Дохада (Қатар) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды bairak.kz.

Ол ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетті. Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері 14.566 ұпай жинап, Әлем кубогының қола жүлдегері атанды.

Бұл сында жеңісті армениялық Гамлет Манукян жеңіп алды —  14.700 ұпай. Ал Қытай өкілі Яньмин Хун 14.666 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.

Зейнолла Ыдырысов 14.200 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде үш медаль бар. Еркін жаттығуларда Милад Карими бірінші орын иеленсе, Алтынхан Темірбек күміс жүлдені жеңіп алды.

Фото: ҰОК

Сәйкес жаңалықтар

Әзербайжанның Розасына риза болдым, қазақтың Розасы өкінішке қарай…

bairakkz

Азия чемпионаты: 9 боксшымыз финалда бақ сынайды

bairakkz

Жарқ етіп, мәңгі сөнген жұлдыз

bairakkz