Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Сербияда үш дүркін әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды bairak.kz.

48 келіде өнер көрсеткен қазақ боксшысы ақтық сында ресейлік Юлия Чумгалаковамен жұдырықтасқан. Назым қарсыласынан үш раунд бойы басым болып, төрешілер нәтижесінде 5:0 есебін тіркеді.

Осылайша Назым Қызайбай әлемнің үш дүркін чемпионы атанып отыр. Бұған дейін ол 2014 жылы (Жежу) және 2016 жылы (Астана) осы жетістікке жеткен болатын.

Сондай-ақ, Назым Париж Олимпиадасының қола жүлдегері екенін де айта кету керек.

Еске салайық, Сербиядағы әлем чемпионатының финалына Қазақстанның бес боксшы қызы шықты.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Сәйкес жаңалықтар

Сенат депутаттары елордадағы спорт нысандарын аралады

bairakkz

Қызылжарда қар жауып, боран соқты

bairakkz

Атырауда 5-қабаттан құлап кеткен 2 жасар бала аман қалды

bairakkz