Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Паранжа мен никаб киюге тыйым салынды

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Швейцария билігі қоғамдық орындарда бетті толығымен жасыратын киім және паранжа мен никабты киюге тыйым салды, деп хабарлайды  bairak.kz.

Енді бұл талап орындалмаған жағдайда 100-ден 1 мың швейцариялық франкке дейін (110,2 доллардан 1102 долларға дейін) айыппұл салынады.

Өйткен 2021 жылдың наурыз айында өткен референдумда осы шешімге дауыс берілген. Сол тұста сауалнамаға қатысушылардың 51,2%-ы тыйым салуды қолдаған. Бұрын бұл шектеу Санкт-Галлен және Тичино кантондарында аймақтық деңгейде ғана қолданылған.

Тыйым никаб пен паранжа сияқты мұсылман дінін ұстанушылар киетін киімдерге, сондай-ақ футбол жанкүйерлері киетін киімге қатысты. Енді оларды дүкен, мейрамхана, мемлекеттік мекеме және қоғамдық көлікте киюге тыйым салынады. Бұл ретте бетті бүркеп тұратын киімді әлі де ғибадат орындарында, карнавалдарда немесе суықтан қорғау үшін киюге болады.

Швейцария президенті Карин Келлер-Зуттердің айтуынша, бұл тыйым Швейцарияда тұратын 400 мың мұсылманның аз ғана бөлігіне ғана әсер етеді. Саясаткер атап өткендей, олардың арасында никаб киетін 20-30-ға жуық әйел ғана бар.

Тыйым салудың енгізілуімен Швейцария қазірдің өзінде ұқсас ережелері бар Еуропа елдерінің тізіміне қосылды. Олардың қатарында Аустрия, Бельгия, Болгария, Дания және Нидерланд бар. Франция бірінші болып 2011 жылы бетін бүркейтін киім киюге тыйым салды.

Фото: pxhere

Сәйкес жаңалықтар

ШАРШЫ АЛАҢ ШЕБЕРЛЕРІ

bairakkz

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

bairakkz

Қазақстандық студенттер Гонконгта өткен кәсіпкерлік лагеріне қатысты

bairakkz