Танымал әнші Сәкен Майғазиев ұлы Әділеттің үйленуіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды bairak.kz.
Айта кетейік, желіде Әдия Мәулен есімді ару әншінің ұлымен жұп болып жүргенін жариялаған еді.
Той тойға ұласа берсін! Жақында Жанар Айжанова апамыз Айжұлдызды ұзатпақ. Ол кезде Нұржан Төлендиев келін түсіреді. Бізді сол жаққа шақырып қойды. Екеуі қатар келіп тұр. Біздің үйде де тойдың ауылы алыс емес. Әлеуметтік желі шулап жатыр екен. Динара екеуміз де жаңалықтардан білдік. Ағайын-туыс бізге хабарласып, құттықтап жатыр. Тойда жолығайық, деді әнші.
Еске салайық, Әділет Майғазиевтің таңдауы жаңаөзендік аруға түскен.
Әділетпен араласып жүргенімізге 9 ай болады. Бір-бірімізді 3-4 жылдан бері танимыз. Жасым 20-да. Жас айырмашылығымыз – 6 жас. Жаңаөзенде туғанмын. Кейін Ақтау қаласына көштік. Қазір Алматыда тұрып жатырмыз. Мамандығым – қонақүй бизнесі. Колледж бітіргенмін, деген еді болашақ келін.