Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Семейде шырша құруға апарған мұғалім құлап реанимацияға түсті

Бүгін Семейдегі орталық алаңда шырша құруға мұғалімдерді апарған. Олардың біреуі құлап, жансақтау бөліміне түсті. Осыған қатысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пікір білдірді, деп хабарлайды bairak.kz.

Министр оқиға жайлы пост жазды. Оның сөзінше, Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны безендіруге тарту және әріптесіміздің осы іс барысында жарақат алуы – заң бұзушылықтың айқын көрінісі.

Педагогтерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын мұндай жұмыстарға тарту – «Педагог мәртебесі туралы» заңды өрескел бұзу деп санаймын. Бұл оқиғаға байланысты облыс басшылығы әділ әрі жан-жақты тексеру жүргізіп, алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктердің қайталануына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдайды деп үміттенемін. Мемлекет басшысы педагогтердің қоғамдағы рөліне ерекше мән беріп, олардың құқықтарының «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында қатаң сақталуын әрдайым назарда ұстап келеді. Осы орайда білім басқармалары мен бөлім басшыларына заң талаптарын қатаң орындауға ерекше назар аударуды ескертемін, — деді Ғани Бейсембаев.

Мұғалімнің есімі Қуат Айтқалиев. Министр оның отбасына шынайы қолдау білдіре отырып тезірек сауығуын тіледі. Қазіргі уақытта оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр деді ол. Бұл жағдайды Бейсембаев ерекше бақылауға алған.

Сәйкес жаңалықтар

Бүгіннен бастап қысқы дөңгелек салмаған жүргізушілерге айыппұл салынады

bairakkz

В день выборов в Текели родился малыш

bairakkz

ТАЛДЫҚОРҒАН АРУЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

bairakkz