Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Шерзат ісі. Куәгер әйел жауап берді

Шерзат Полат ісі бойынша бұған дейін аты аталған екі қыздың бірі – Эльмира Нұрбекова сотта куәлік берді, деп хабарлайды bairak.kz.

Ол – қанды түні сотталушылармен бірге көлікпен бірге «Қамажай» дүкенінің алдына келген.

Эльмира Нұрбекова 1992 жылы туған. Оны кафеге сотталушылардың бірі шақырған. Бәрі кафеде отырғаннан кейін сотталушы жігіттермен бірге дүкеннің алдына жеткен. Төбелес кезінде Эльмира Нұрбекова жігіттерге тыныштандыруға тырысқанын айтады.

Равиль маған жазып, кездесуді ұсынды. Мен оған кешке дейін жұмыста болатынымды айттым. Кейінірек Дана маған «Равиль кездескісі келіп жатыр» деп жазды. Біз мейрамханаға бардық, сол жерде жігіттер отыр екен. Біз Данамен бірге биледік, кейін солармен бір үстелге отырдық. Үстелде Нұрқияс, Равиль, Абзал, Азамат және Тоқтаубаевтар болған. Столда арақ-шарап та тұрды, — дейді ол.

Куәгердің айтуынша, мейрамхана жабылғаннан кейін бәрі сыртқа шыққан. Ол үйге қайтқысы келгенімен, жігіттер оларды дүкенге кіріп-шыққан соң, апарып тастайтынын айтқан.

Сәйкес жаңалықтар

Әнші Рамазан Стамғазиев такси жүргізушісі болып жүр

bairakkz

Батыр Жүкембаев Альберто Москуэраға қарсылас атанды

Ришат

Жүлдемен оралды

bairakkz