Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлемЖаңалықтар

Швейцария Өзбекстанға Гүлнара Кәрімованың активтерін қайтаратын болды

Швейцария мемлекеті Өзбекстанға Гүлнара Кәрімованың (Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы) тәркіленген активтерінен шамамен 182 миллион доллар қайтарады, деп хабарлайды  bairak.kz.

 

Өзбекстанның әділет министрлігінің мәліметінше, 6 ақпанда қол қойылған келісім аясында 182 миллион доллар көлеміндегі қаражат Швейцариядан Өзбекстанға аударылады. Бұл қаражат әлеуметтік маңызы бар жобаларға жұмсалады.

Қаражат Өзбекстанның жекелеген азаматтары тарапынан заңсыз жолмен алынған және 2012 жылы Швейцарияның Бас прокуратурасы Гүлнара Кәрімоваға қатысты қылмыстық іс аясында толығымен тәркіленген, – деп мәлімдеді Өзбекстанның Әділет министрлігі.

2012 жылы Швейцарияның бас прокуратурасы Гүлнара Кәрімоваға қарсы қылмыстық іс жүргізу аясында 800 миллион швейцариялық франкқа жуық активтерді қатырып тастаған. Осы соманың шамамен 131 миллион доллары 2019 жылы тәркіленді.

Гүлнара Кәрімова 2019 жылдың көктемінен бастап жазасын Ташкент облысы, Зангиата ауданының № 21 жалпы режимдегі колониясында жазасын өтеп жүрген. 2024 жылдың ол  Ташкент облысының Зангиата ауданындағы әйелдер колониясынан сол ауданның колония-қонысына ауыстырылды.

Фото: GETTY IMAGES

Сәйкес жаңалықтар

Ұшақ апаты: Астанаға қара жәшіктен алынған материалдар жеткізіледі

bairakkz

Жамбыл облысында екі жасөспірім ұзақ жылға сотталды

bairakkz

Шымкентте салмағы 7 келіге жуық сәби дүниеге келді

bairakkz