Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Шымкентте көшеде іш киіммен жарнамаға түскен қыз қамауға алынды

Шымкентте көшеде іш киіммен жарнамаға түскен қыз 15 тәулікке қамауға алынды, — деп хабарлайды bairak.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қызға қоғамдық тәртіп бұзғаны үшін және ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік айып тағылған. Шымкент қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Е.-ге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Ол қарашада Шымкенттегі Shymkent Plaza сауда үйінің алдында, жартылай жалаңаш күйде іш киіммен жарнамаға түскен. Сотта Е. кінәсін мойындап, өкінетінін, соттан қатаң жаза қолданбауын сұрады.

Сот, Е.-нің әрекетінде құқықбұзушылық жасаған дерегі дәлелденді тұжырымға келді. Е-ге 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан Аустриядан ойсырай жеңілді

bairakkz

«Таза Қазақстан» акциясына 220 мыңнан астам жетісулық қатысты

bairakkz

Ливандағы бітімгершілік базасына шабуыл жасалды

bairakkz