Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Спорт

Төрехан Сабырхан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль алды

Қазақстандық спортшы Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

67 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен Төрехан Сабырхан финалда кубалық Дэвид Эспиносаға қарсы жекпе-жек өткізді. Отандасымыз кубалық боксшыға еш мүмкіндік қалдырмай, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша ол Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медалін әкелді. Одан бөлек, финалға жеті спортшымыз жолдама алған еді.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда алғаш рет тас жол веложарысынан Азия чемпионаты өтеді

bairakkz

Ербол Мырзабосынов Ресейдің спорт министрімен ынтымақтастық орнатуға келісті

bairakkz

Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореядағы турнирде алты жүлде жеңіп алды

bairakkz