Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлемЖаңалықтар

Түркияда Ыстамбұл мэрі ұсталды

Түркияда президент Режеп Ердоғанға оппозицияда жүрген Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу ұсталды, деп хабарлайды bairak.kz Сnnturk.com басылымына сілтеме жасап.

Имамоглуның үйінде тінту жүргізілген, кейін ол сот ғимаратына жеткізілген.

Бұған дейін БАҚ Ыстамбұлда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды операция басталғанын хабарлаған болатын. Операция аясында мэр Экрем Имамоглу мен оның баспасөз кеңесшісі Мұрат Онгунды қамауға алу туралы бұйрық шығарылды. Жалпы, БАҚ мәліметінше, шамамен 100 адамды тұтқындауға рұқсат берілген. Олар жемқорлық, парақорлық және алаяқтық бойынша айыпталып отыр.

Ыстамбұл мэрі ең ірі оппозициялық Республикалық халық партиясынан (CHP) праймеризге жалғыз үміткер болғаны атап өтілді. Алайда Ыстамбұл университеті Түркия Бас прокуратурасының талабы бойынша Имамоглудың дипломын қайтарып алды, бұл шешім оның президенттік сайлауға түсуіне кедергі келтіреді, себебі тек жоғары білімі бар азаматтар ғана үміткер бола алады.

Фото: instagram.com/ekremimamoglu

Сәйкес жаңалықтар

Мақпал Жүнісова жақсы жаңалығын бөлісті

bairakkz

Әсел Сәдуақасованың бұрынғы күйеуі бар шындықты айтып берді

bairakkz

БІЛІКТІ БАПКЕР

bairakkz