Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Спорт

ҰОК Головкиннің жалақысына қатысты ақпаратқа түсінік берді

Әлеуметтік желіде Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті президентінің жалақысына қатысты ақпарат тарады, деп хабарлайды bairak.kz.

Қазақстан ҰОК бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді.

Комитеттің хабарлауынша, Геннадий Головкин президенттік қызметті ерікті негізінде атқарады.

Оның қызметіне ақша төленбейді. Оның мотивациясының қаражатқа да, саяси мансапқа да қатысы жоқ, — дейді Ұлттық Олимпиада комитеті.

Сонымен бірге мәлімдемеде ең алдымен оның жұмысы қазақстандық спортқа қолдау көрсетуге, сондай-ақ, Қазақстан ҰОК-тің халықаралық спорттық қоғамдастық алдындағы беделін нығайтуға бағытталғаны жазылған.

Өз қызметіне кіріскен бойда Геннадий Головкин ҰОК-тің мемлекеттік бюджет ақшасына үміттенбейтінін ашық айтқан. Ұйымның қызметі Г. Головкиннің қатысуымен тартылған демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асуда. Жалған ақпарат таратушылар ҚР заңына сәйкес жауапқа тартылатынын, нақтылап айтар болсақ, ҚР ҚК 274 бабына сай қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын естеріңізге саламыз, — делінген хабарламада.

Сәйкес жаңалықтар

Дауыс беріп қана қоймай спорттық іс- шараларға да қатысуда

bairakkz

Тектінің тұяғы

Ришат

Павел Воржин велотректен Азия ойындарының жеңімпазы атанды

Ришат