Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

1 шілдеден бастап емханаға тіркелу қағидалары өзгереді

1 шілдеден бастап емханаға тіркелу қағидалары өзгереді, – деп хабарлайды bairak.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрінің жаңа бұйрығына сәйкес, құжатқа отбасылық қызмет көрсету, емхананы еркін таңдау, медициналық қызметтің аумақтық және пациенттің орналасқан жеріне қарамастан профилактика, диагностика және емделу қызметтерінің қолжетімділігі кіреді.

Яғни, әр адам емхананы тұрғылықты мекенжайына жақын жерден таңдай алады. Тіркелу ЖСН арқылы жүргізіледі.

Сондай-ақ eGov порталы немесе емханаға тікелей жүгіну арқылы рәсімделеді.

Жаңа ұйымға тіркелген кезде бұрынғы орыннан автоматты түрде шығарылады.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Сәйкес жаңалықтар

Жапония премьер-министрі отставкаға кетеді

bairakkz

Тоқаев ҚазМұнайГаз төрағасын қабылдады

bairakkz

Атырауда көпқабатты үйден 45 адам құтқарылды

bairakkz