Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Ермек Тұрсынов қысым көріп елден кеткенін айтты

Еліміздегі танымал режиссерлердің бірі Ермек Тұрсынов Қазақстаннан кеткенін мәлім етті, деп хабарлайды bairak.kz.

Оның айтуынша, елден өз еркімен емес, амалсыздан кетуге мәжбүр болған.

Елден кетуге тура келді. Алысқа. Біреулер мұны ауыр қабылдайтын болар, енді біреулер қуанар, тағы басқалар сынап-мінейтін шығар. Әркімнің пікірі әрқилы. Ал маған келсек… Бәрі, әрине, көңілсіз жағдай. Бірақ басқа амалым да жоқ еді. Шындығын айтсам, мені елден жай ғана ығыстырып жіберді, — дейді Ермек Тұрсынов.

Ол қысым бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың тұсында басталғанын айтып отыр.

Бәрі Райымқұловадан басталды. Осындай бір мәдениет министрі болды. Бұрыннан айтып келе жатырмын. Бізде мәдениет мәселесіне немқұрайлы қарайды деп. Бірақ Райымқұлованы министр ету – шектен шыққандық еді. Оның мәдениетке қатысы менің мал шаруашылығына қатысыммен бірдей,- деп жазды режиссер.

Фото: Голос народа

Сәйкес жаңалықтар

Ашхабад-2017: Сергей Григорьев жабық кешендегі Азия ойындарының рекордын жаңартты

Ришат

«Челси» «Астанамен» ойнайтын құрамын жариялады

bairakkz

ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚАЗАҚ БАПКЕРІ. ОКТЯБРЬ ЖАРЫЛҒАПОВ

Ришат