Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

«Түсінгенімен қазақша сөйлегісі келмейді»: Бүркіт әйелі Аиша туралы айтты

Танымал эстрада жұлдызы, «Бүркіт» деген лақап атпен танымал Айбек Сейітов әйелі Аиша туралы айтты.

Ол 14 жылдан бері әйеліне қазақша үйрете алмай жүргенін айтып, өкінішін білдірді.

Тағы тіл үйрену туралы сұрақ алдымыздан шықты. Мен әлсіз болып тұрмын. 10 жылдан астам уақыт бірге келе жатырмыз. Қазақша түсінеді, бірақ сөйлегісі келмейді. Бір жылдан бері ата-анамызды қолымызға алдық. Олар таза қазақша сөйлейді. Балалардың да тілі қазақша шықты. Аиша қазақ тілін балаларынан үйреніп жүр. Кейде әкем орысша сөйлеп қояды. Сондай кезде тыйып тастаймын. Бірақ Аишаның өзіне қысым көрсетіп, талап етпеймін, – дейді Бүркіт Жетінші арнадағы «Сырласу» бағдарламасында.

Әнші жақында енесіне көлік сыйлаған еді.

Негізі табысымыз бірдей. Өнерде қатар жүргесін ақшаны бірге табамыз. Жақында Аиша анасына көлік сыйлады. Халық та әлі шулап жатыр-ау. Сол туралы айтып берейін. Аиша мен анасы Қарағандыға кетіп қалғанда сыйлықты мен дайындап қойғанмын. «Сен өзің бере бер, анаң қуанып қалады» деп едім, үзілді-кесілді бас тартты. Өйткені өтірік айта алмайды. Басқа біреу болса: “Анама мен сыйлап жатырмын” деуші еді. Түрлі парақшаларға салып, мақтанып айтатын еді. Сондай болмысымен мені қатты таңғалдырады. Күн сайын осындай әйел болғанына тәуба деймін. Құдайдан сұрап алған әйелім, — дейді ол.

Сәйкес жаңалықтар

Әскери  қызмет – жауапты міндет! — офицер

bairakkz

Қазақстанда 57 жыл бұрынғы рекорд жаңарды

Ришат

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕ ҚЫЗДАРДЫ ҚОССА

bairakkz