Танымал әнші Алмас Кішкенбаев курьер болып жүрген жас жігіттің жыныс мүшесін ұстап, тиіскені үшін қамауға алынған еді. Бүгін ол изолятордан босап шықты, деп хабарлайды bairak.kz.
Оны журналистер есік алдынан қарсы алды, алайда бетперде киген әнші сөйлесуден үзілді-кесілді бас тартты.
Бұған дейін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық түрде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараған болатын.
Ол ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.
Әнші курьер жігіттің интимді жерінен ұстап, тиіскені үшін қамауға алынған еді.