Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Айсәуле Бақытбек әкесі туралы айтты

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың қызы, блогер Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желіде әкесі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды bairak.kz.

Оқырмандарының бірі оған «Әкеңізді кешірдіңіз бе?» деген сауал жолдаған.

Айсәуле Бақытбек болған жағдайға қарамастан әкесін жақсы көретінін айтты.

Кешіру және түсіну мүмкін емес секілді. Алайда мен оны қабылдаймын және жақсы көремін. Осы жеткілікті деп ойлаймын, — деп жауап берді ол.

Айта кетейік, 2022 жылы Бақытбек Есентаев түрмеден босап шықты. Ол 2016 жылы 9 жылға сотталып, мерзімінің үштен екі бөлігін өтеген соң, сотқа арыз берген. Сот оның тәртібі мен бұрынғы әйелінің өтінішін ескеріп, босату туралы өтінішті мақұлдады.

Сәйкес жаңалықтар

Бекман Сойлыбаевтың жекпе-жегін ESPN арнасы көрсетеді

Ришат

Қазақстанда қанша адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін? Үкімет алдын ала есепті жариялады

bairakkz

Шәміл Әбілтаев: Назарбаевқа күй арнағаным бекер болды

bairakkz