Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Бекман Сойлыбаевтың жекпе-жегін ESPN арнасы көрсетеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаевтың мексикалық Фернандо Варгасқа қарсы жекпе-жегін әлемге танымал ESPN телеарнасы көрсетеді.

Екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC International белбеуінің иегері өзінің чемпиондық атағын 19 қазан күні қорғайды. Қарсыласы мексикалық Фернандо Варгас болмақ. 29 жастағы боксшы 2006 жылдан бері кәсіпқой рингте 47 жекпе-жек өткізген. 32 кездесу өткізіп, 12 жекпе жегінде жеңілген,үшеуін тең аяқтаған.

Жекпе-жек Америкадағы ең әйгілі бокс ареналарының бірі, Лас Вегастың Monte Carlo Resort and Casino залында өтеді. Бұл спорт кешенінде өтетін барлық жекпе-жектерді әлемге танымал ESPN телеарнасы тікелей эфирден көрсетуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Бекман ешқашан Лас-Вегаста жұдырықтасып көрмеген. Бұл оның кәсіпқой шаршы алаңдағы 12-жекпе-жегі болмақ. Бұған дейінгілерінің барлығын жерлесіміз жеңіспен аяқтаған. Еншісінде WBC International чемпиондық белбеуі бар.

Қазір Diamond Ring боксшысы Лос-Анджелестегі Wild Card West бокс залында әйгілі маман Эрик Браунның қарамағында жаттығып жүр.

Сәйкес жаңалықтар

Мессидің алғашқы голы

bairakkz

Сахнада жас қыздармен билеген Нұрболат Абдуллинге айыппұл салынды

bairakkz

Жетісу облысында шенеунік жұмыс істемей тұрған әжетхана үшін сотталды

bairakkz

Пікір жазу