Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Ардагер самбошылар абыроймен оралды

     Ардагер самбошыларымыз Грекиядан абыроймен оралды. Салоникиде өткен әлем чемпионатында 6 алтын, 4 күміс, 4 қола медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте Ресейді алға жіберіп, екінші орыннан көрінді.  

     Грекия жерінде атой салған 40 пен 60 жас арасындағы ағаларымыздың жеңісі талайға үлгі болары анық. Салоникиде өткен дүниежүзілік жарысқа әлемнің 18 елінен 300-ден аса спортшы қатысқан. Осы жарыста Мәди Нәбиев пен Анатолий Веклих, Нұрлан Жарас пен Болат Манабаев сондай-ақ Алмас Мұсабеков пен Бақтияр Құнақыновтар қарсыластарын алып та, шалып та жығып, қазақ елінің әнұранын шырқатып қайтты.

20171031_134647 _20171031_134618

Бұл туралы Бақтияр Құнақынов былай дейді:Бала кездегі арманым —  шетелге барып әлем чемпионатына қатысып, бас жүлдені алғаныма  өте қуаныштымын! Біздің азаматтардың мақсаты өзіміздің елбасының жолдауындағы спортты көтерумен ұштасып жатыр. Елбасының өзі де күрескен шаңғыны да тебеді, атқа да отырады. Барлық жағынан үздік. Біз де — сол кісінің чемпиондарымыз. Елбасымызға арнайымыз осы жеңісімізді!”

    Бас жүлдеге бір табан жетпей қалған Нұрғалым Теміров пен Қалқабай Бопиев және Сейілхан Әміренов пен Мұрат Түсіпбековтар келер жылы алтын медаль алу үшін аянып қалмаймыз деп отыр.  Нұрғалым Теміров —  Әлем чемпионатының күміс жүлдегері:  “Мен финалда Украина балуанымен белдестім. Теңдей күрестім, бірақ бұйырғаны сол болды. Маған ескерту берді де, Украина болуаны чемпион болды, мен екінші орын алдым. Ендігі жылы Петерборда болады дегенді айтып жатыр. Енді құдай бұйырса жақсы дайындықпен барамыз деп ойлаймын”.

    Әлем чемпионатынан олжалы қайтқан ардагерлеріміз Алматыда жастарға шеберлік сабағын өткізді. Ерінбей еңбек еткен спортшы ғана мақсат мұратына жетерін түсіндірді. Келешек ұрпаққа үлгі-өнеге бола білген ардагер самбошыларымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады.

Жандос Айтбайұлы

Сәйкес жаңалықтар

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра

bairakkz

«ГРАН-ПРИ»: ДЕМЕУ ЖАДЫРАЕВ ФРАНЦИЯДА ТОП ЖАРДЫ

bairakkz

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында дауыс берушілер үшін барлық сайлау учаскесі жұмысын бастады.

bairakkz

Пікір жазу