2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда медициналық қызметтердің тарифтері өзгертілді, деп хабарлайды bairak.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылдың 26 желтоқсанындағы №943 бұйрықпен «Тегін медициналық көмек көлемінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтердің тарифтерін» бекітті.
Жаңа құжатқа сәйкес, тарифтер 9244 ауруды емдеу үшін халықаралық аурулар классификациясының (МКБ 9/10) негізінде есептеледі. Тарифтер арнайы клинико-затраттық топтар (КЗГ) бойынша бір емделген жағдайға белгіленеді.
Тарифтер келесі параметрлерді ескереді:
- Базалық ставка: 174 722,63 теңге;
- КЗГ түрлерінің шығындылығына байланысты коэффициенттер;
- Ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстеме коэффициенттер;
- Жылыту маусымының ұзақтығы мен экологиялық факторларды ескеретін коэффициенттер;
- Кейбір жағдайларда академиялық және ғылыми-инновациялық коэффициенттер.
Жаңа тарифтер стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне қолданылады.
Бұл өзгерістер тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға және оның құнын нақты есептеуге бағытталған.