Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Ертең «Болат Тұрлыханов кубогы» халықаралық турнирі басталады

     Грек-рим күресінен «Болат Тұрлыханов Кубогы» халықаралық турнирі биыл 23-ші рет өткелі тұр. Бұл — Халықаралық күрес федерациясы(United World Wrestling) ұйымының ресми күнтізбесіне енгізілген Қазақстан аймағындағы грек-рим күресінен жалғыз жарыс. Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Болат Тұрлыхановты еске алуға арналған турнир халықаралық күнтізбеге 2015 жылы енгізілсе, былтырдан бастап атауы өзгертілді. Осы уақытқа дейін Семейде өткен турнирді биыл алғаш рет Алматыға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Біріншілік әр жылдары Қазақстан Кубогы ретінде, сонымен қатар командалық форматта да өтіп жүрді. 2014 жылы халықаралық деңгейге көтерілді. Үш жылдың ішінде Қазақстандағы турнирге көптеген танымал балуандар қатысып, жеңімпаз және жүлдегер атанып үлгерді. Олардың арасында: әлем чемпиондары Никита Мельников (Ресей) және Хан-Су Рю (Корея), Олимпиада чемпионы Ким Хен Ву (Корея), Олимпиада жүлдегерлері Мингиян Семенов (Ресей), Миндаугас Мизгайтис (Литва), әлем чемпионатының жүлдегері Бекхан Манкиев (Ресей) және жастар арасындағы әлем чемпиондары Рамаз Зоидзе, Звиади Патаридзе, Гела Болквадзе (бәрі Грузия) бар. Еліміздің белгілі балуандары да беделді бәсекеде топ жарып жүр: әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы және Азия Ойындарының екі дүркін жеңімпазы Нұрмахан Тінәлиев, Азия чемпионы Нұрсұлтан Тұрсынов, әлем чемпионатының күміс және екі дүркін қола жүлдегері, Азия чемпионы Алмат Кебіспаев және тағы басқалары.

Биыл Қазақстан намысын еліміздің барлық аймағынан келген 70 балуан қорғайды. Олардың ішінде Алмат Кебіспаев, Нұрмахан Тінәлиев, Айбек Еңсеханов, Ернар Фидахметов, Мерей Бекенов, Тамерлан Шадукаев, Ерұлан Ысқақов, Әбунасыр Өмірзақ, Мақсат Ережепов сынды нәтижелі спортшылар да бар.

Турнир бағдарламасына грек-рим күресінен тек Олимпиадалық салмақ дәрежелері енгізілген: 59 кг, 66 кг, 75 кг, 85 кг, 98 кг және 130 кг (+2 кг рұқсат беріледі). Дәстүрлі жүлде қоры да сақталған, биыл жалпы 48 мың АҚШ долларын құрайды. Әр салмақ дәрежесінде жеңімпазға — 3 000 АҚШ доллары табысталса, екінші орын үшін — 2 000 доллар, үшінші орындарға мың доллардан қарастырылған. Дәл осындай сомма жеңімпаздың жаттықтырушысына да тиесілі. Алматыға барлық қатысушылар келіп жетті, бүгін балуандар алғашқы салмақ өлшеу рәсімінен өтеді. «Болат Тұрлыханов Кубогына» Ресей, Корея, Грузия, Белорусия, Украина, Армения, Иран, Өзбекстан, Польша, Грекия, Қырғызстан, Литва, Түркия, Тәжікстан, Тайланд, жалпы саны 16 елдің балуандары қатысады.

Халықаралық турнир 30 қыркүйек пен 1 қазан күндері үш мың жанкүйер сыйатын «Halyk Arena» мұз сарайында өтеді. Жарыс бағдарламасын назарларыңызға ұсынамыз.

Турнир бағдарламасы:


30 қыркүйек, сенбі

09:00-14:00 59, 75, 98 кг салмақ дәрежелерінде іріктеу және

Жұбаныш белдесулер
14:00-16:00 Үзіліс

16:00-16:30 Салтанатты ашылу рәсімі
16:30-18:00
59, 75, 98 кг салмақ дәрежелерінде ақтық белдесулер

18:00-18:30 Марапаттау рәсімі
1 қазан, қыркүйек  
09:00-14:00 66, 85, 130 кг салмақ дәрежелерінде іріктеу және

Жұбаныш белдесулер
14:00-15:00 Үзіліс
15:00-16:30 66, 85, 130 кг салмақ дәрежелерінде ақтық белдесулер

17:00-17:30 Марапаттау рәсімі

 

 

Сәйкес жаңалықтар

«ҚАҢТАР»: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТ ЖЕТІСТІКТЕРІ

bairakkz

ЕЛІМІЗДІҢ НАМЫСЫН КЕНИЯЛЫҚ ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕР ҚОРҒАЙДЫ

bairakkz

Қарашоқылық жапырағы жайылған үлкен әулет сайлауға белсене қатысты

bairakkz

Пікір жазу