Астана қаласында «SEZIN» республикалық қайырымдылық акциясы аясында «Қараңғыдағы кешкі ас» («Ужин в темноте») атты ерекше қайырымдылық іс-шарасы өтеді.
Аталған шара Дүниежүзілік зағиптар күніне орай ұйымдастырылып, қоғам назарын көру қабілеті бұзылған жандардың өміріне, олардың күнделікті кездесетін қиындықтарына және тең мүмкіндіктер қалыптастыру мәселесіне аударуды мақсат етеді. Іс-шараның басты мақсаты – қоғамда мейірімділік, жанашырлық пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптеу, адамдарды әлемді тек көзбен емес, жүрекпен сезінуге шақыру. Сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар жандардың өмірін тереңірек түсінуге мүмкіндік жасау, олардың қоғамдағы мәртебесін көтеру және баршаға тең мүмкіндіктер қалыптастыру идеясын насихаттау.
Кештің негізгі ұраны: «Жарық сыйла – жүрекке жол аш!»
Қонақтар арнайы дайындалған қараңғы кеңістікте ас ішіп, бір сәтке көру қабілетінсіз өмір сүрудің қандай екенін сезінеді. Бұл тәжірибе адамның басқа сезім мүшелеріне назар аударып, есту, иіс сезу және сипап сезу қабілеттерін тереңірек тануына жағдай жасайды. Қараңғыда ас ішу адам денсаулығына пайдасы бар екенін ғалым медиктер дәлелдеген болатын.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, әлемде шамамен 2,2 миллиард адамның көру қабілеті бұзылған, елімізде 70 000 аса жандар бар.
Кеш бағдарламасы:
- «Қараңғыдағы кешкі ас»;
- Әсерлі театрландырылған қойылым;
- Қонақтарға арналған рухани-танымдық бағдарлама.
Өтетін күні: 2026 жылғы 11 қараша. Уақыты: сағат 19:00
Өтетін орны: Астана қаласы, Ермек Серкебаев көшесі, 11-ғимарат, «Гаухартас» мейрамханасы.
Ұйымдастырушылар:
«Мирас-А» қайырымдылық қоры және «Көзімнің қарасы» Қазақстандық мүгедектер қоғамдық бірлестігі.

