Әйгілі бразилиялық сұрмерген әрі футболдан үш дүркін әлем чемпионы болған Пеле France Football басылымына берген сұхбатында өзінің жетістігін қайталап, одан асып түсе алатын жалғыз ойыншының есімін атады, — деп хабарлады «Р-Спорт».
«Жаңа Пеле» болуға лайықты деп ол Франция құрамасының әрі ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппені атады. Бразилиялық мұның әзіл еместігін айтты.
«Ол 19 жасында әлем біріншілігін жеңді, мен 17-де болдым. Көбі ол менімен тең деп айтқанымда әзіл деп ойлайды, бірақ олай емес. Менің ойымша ол жаңа Пеле болуға әбден лайықты», — деді әйгілі футболшы.
2018 жылы Мбаппе ПСЖ клубы сапында жүріп ел ішіндегі барлық чемпионатта жеңіске жетті, сондай-ақ Франция құрамасы сапында әлем чемпионы атанды. Ол ӘЧ-2018 ең жас үздік футболшы атағын алып, France Football басылымы жаңадан енгізген «Копа трофейі» иегереі атанды
«Алтын доп» дауыс беру нәтижесінде Мбаппе төртінші орынға тұрақтады, ал CIES Football Observatory сараптамалық компанияның нұсқасы бойыншы ол әлемдегі ең қымбат футболшы — оның трансфері 216,5 миллион еуроға бағаланған.