Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

ЖІГІТТЕР ЖАРАДЫ, ҚЫЗДАР ҚУАНТТЫ

Шымкент қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен V ҚР Спартакиадасы өтуде. Төрт жылда бір өтетін бұл додада Алматы облысының намысын қорғаған ОЖСШМ – нің спортшылары өте жақсы нәтиже көрсетуде. Грек-рим күресінен жарыстың алғашқы күнінде 60 келі салмақ дәрежесінде Сұлтан Олжас қола жүлдегер атанса, 72 кг салмақта Демеу Жадраев  пен 77 кг салмақта Асхат Дінмұхамедов қарсылас шақ келтірмей алтыннан алқа тақты. Сонымен қатар, Нұртай Нурғалиев 67 келіде және Темірбек Санжар 87келі салмақ дәрежесінде 3-орынды иеленді.  Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысы 2 алтын 3 қола медальды иеленіп жалпыкомандалық есепте 2 орыннан көрінді.

Еркін күрестен әйелдер құрамасы 4 алтын, 1 күміс, 1 қола медалді жеңіп, жалпыкомандалық есепте күміс жүлдегер атанды. Атап айтсақ, Марина Седнева 55келіде, Аяулым Қасымова 65келіде, Жамиля Бақбергенова 72келіде, Гүлмарал Еркебаева 76 келі салмақ дәрежесінде алтынмен апталса, Айгүл Нұрәлім 53келіде күміспен күптелді. Ал, Гүлназ Жапарова қола жүлдені еншіледі.

Сәйкес жаңалықтар

С чувством патриотизма!

bairakkz

Министрлер мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету мәселелерін талқылады

bairakkz

САМБОШЫЛАР ЕРЛЕДІ

bairakkz