Швецарияның Лозанна қаласында ІІІ қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы өтуде. Өкінішке қарай, ел намысын қорғаған спортшыларымыздың нәтижесі мәз емес.
Қыздар арасында арасында тау шаңғысынан жарыс жолына шыққан Александра Троицкая 45-орынға табан тіреді. Спринттен еркін стиль бойынша Аиша Рақышева 32 нәтижеге қол жеткізді. Ал Валерия Батченко 45-ші болып мәре сызығын кесті. Ерлер арасында Ілияс Исабек 37-ші, Дидар Қасенов 51-орыннан көрінді.
Конькимен 1500 метрге жарысуда қыздарымыз Дарья Гаврилова 11-ші, Алина Дауранова 15-орынды місе тұтса, ерлер арасында Нұралы Ақжол 20-шы, Евгений Кошкин 31-орыннан көрінді.