Түркияның Анкара, Ыстамбұл және Анталиядағы дипломатиялық өкілдіктерінде сайлау уческелері жұмыс істеп тұр. Әлем бойынша сыртта жүрген отандастардың ең көп дауыс берушілері Түркияда қамтылды. Аталған қалаларда 2 мыңға жуық жерлестеріміз дауыс беруге тіркелген.
Олардың көбі Түрік университеттерінде білім алушы жастар, халықаралық ұйым өкілдері, дипломаттар мен туристтер. Ең қызығы, шетелдің өзінде дауыс берген учаскелердің ауласына палаткалар тігіліп, бауырсақ, палау, ыстық тамақ берілген.
Оған себеп, соңғы жылдары түрік университеттеріне оқуға түсуші қазақстандықтардың саны едәуір артқан. Өткен жылдан бастап Түркияның астанасы Анкараға тікелей ұшақтардың ұша бастағаны сөзімізге дәлел.
Бүгін барлық сайлау учаскелерінде арнайы топтағылар үшін жылжымалы дауыс беру жәшігі ұйымдастырылды. Ем-дом алуға келгендер де жылжымалы дауыс беру жәшігін пайдаланды.
«Тойға ұласты» дегеніміз, сенсеңіз, дауыс беру күнінде дайындалған мол дастарқанды айтпағанда, стритбол, үстел теннисі, арқан тарту, турник және гир көтеру сайыстары ұйымдастырылды.
Стритболға қатысу үшін әр командада кемінде 4 адам, тенниске 5 адам (5 ұл және 5 қыз), арқан тартуға 10 (10 ұл және 10 қыз) тартылды. Турник пен гир көтеру сайыстары бойынша қатысушыларға шектеу қойылмады.
Осылайша, Қазақстаннан тыс жұртта өткен саяси науқан да өз қызығымен ерекшеленді.
Алдыңғы