Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Спорт

Олимпиада-2024: Геннадий Головкин бокстан кезекті жарыс күнін ашты

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнін ашып берді, деп жазады Olympic.kz. 

2024 жылғы Париж Олимпиадасын ұйымдастырушылар даңқты қазақстандық спортшыға құрмет көрсетіп, 31 шілдедегі бокс бәсекесін ашу мәртебесін ұсынды.

Геннадий Головкин ағаш таяқпен еденді үш рет ұрып, жекпе-жектердің басталғанын хабарлады.

Бұл 2024 жылғы Олимпиада ойындарына енгізілген басты жаңалықтардың бірі. Ұйымдастырушылар Францияның мәдени дәстүрлеріне басымдық бере отырып, театр мен спортты біріктеруге ұмтылған.

Аталған дәстүр көпшілікті  спортшылардың өнеріне үлкен құрметпен қарауға шақырады.

Үш соққы көрермендерді әрбір оқиғаның жанкүйер құрметіне лайық екенін еске салады және үш соққы орындалған кезде театрдағы секілді, трибунаға жиналған жанкүйерлер де бір минут үнсіздік сақтауы керек.

Сәйкес жаңалықтар

Өзбекстан боксшылары финалда үш қазақ жігітін жеңді

bairakkz

Абай облысындағы бәйге рекордтар кітабына енді

bairakkz

Қайрат Рысқұлбековтің құрметіне арналған бокс турнирі мәресіне жетті

Ришат