Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Шоу-бизнес

Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмысқа шықпақшы

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында жасауын көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды. Өнер иесі көрпелерді жасатуға арнайы тапсырыс бергенін де атап өтті.

«Бұйырса, осы жап-жаңа, өте әдемі, премиум сапада жасауым жаңа отауымның төрінде жарқырап тұрады! Құттықтап қойыңыздар», — деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Мөлдір Әуелбекованың тұрмысқа шығып жатыр деп болжам жасады.

«Бағың ашылсын! Құдай тіл-көзден сақтасын!», «Мөлдіржан, бақытты бол, бағың ашылсын», «Ақжарқын, көркем Мөлдір бақытты болуға лайықты», — деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Айта кетейік, әнші бұған дейін екі рет тұрмыс құрған еді.Салтай есімді ұл мен Айша есімді қыз тәрбиелеп отыр.

Сәйкес жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің анасы болашақ келініне қоятын талаптарын айтты

bairakkz

«Проблемаңды ешкімге айтпа». Сәкен Майғазиев оқырмандарына кеңес айтты

bairakkz

«Тағдырға бағындым». Бағым Мақсатқызы марқұм күйеуіне ән арнады

bairakkz