Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Қызылжарда қар жауып, боран соқты

Солтүстік Қазақстан облысында күн суытты. Түнімен жауған қардың арты боранға ұласты. Синоптиктер мұндай ауа райы әлі бір-екі күн сақталатынын айтады.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалы 9 қазаннан бері қар, боран, көктайғақ жайлы ескертіп жатыр. Қазіргі уақытта облыс батыс циклонының әсерінде. Мұндай қолайсыз ауа райы ертең де сақталады.

Болжам бойынша бүгін өңірдің батыс, солтүстік және шығысында жаңбыр, қар жауады. Солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с дейін жетпек. Ал облыстың солтүстігі мен шығысында дауыл тұрып, екпіні 30 м/с жетеді.

Түнде ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендесе, күндіз +2-3 аралығында болмақ. Ертең 12 қазанда да облыстың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде қар жауып, боран сақталады. Көктайғақ болмақ. Түнде ауа температурасы -2,-7 градус аралығында, күндіз -5 градусқа дейін суытады.

Бір түнде жауған жауын-шашын мөлшері 3,2 мм дейін жетті. М.Жұмабаев ауданының Возвышенка, Есіл ауданының Явленка метеорологиялық стансасында мұзды жауын жауды. Жалпы, қазан айындағы жауын-шашынның орташа нормасы – 22-40 мм.

Фото: kazinform.kz

Сәйкес жаңалықтар

Бектенов отандық тауар өндірушілерге қатысты жиын өткізді

bairakkz

Ұлы Отан соғысының ардагері дауыс берді

bairakkz

БАТЫРЖАН ОҢҒАРОВ АТЫНДАҒЫ СТАДИОН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

bairakkz