Ұзақ үзілістен кейін жуырда ғана кортқа қайта оралған қазақстандық теннисші Зарина Диас Түркиядағы турнирде топ жарды.
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 224-ші, осы жарыстың 3-ракеткасы, Беларусь өкілі Алена Фалеймен кездесті. Қызығы, отандасымыз бірінші кезеңде «баранка» алып, 0:6 есебімен ұтылды.
Дегенмен Диас камбэк жасап, келесі екі сетте жеңісті жұлып алды. Ойын 2 сағат 6 минутқа созылды.
Бұған дейін Кайсери турнирінде Диас румындық Патрисия Мария Цигті (256-шы орын) 3:6, 6:4, 6:2, неміс Пиа Префкені (рейтингте жоқ) 7:6, 6:1, түрік теннисшісі Дениз Дилекті (рейтингте жоқ) 6:0, 6:2 және ресейлік Екатерина Маклакованы (485-орын) 6:1, 6:2 есебімен жеңді.