Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

ҚТЖ-да өтірік жұмыспен қамтылғандар 21 млн теңге шығын келтіргені анықталды

«Қазақстан теміржолы» филиалында жұмысшы ретінде тіркелгенімен қызметін атқармаған азаматтарға қатысты тергеу басталды.

Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп, компанияға 21 млн теңге шығын келтірілгені анықталды.

«Қазіргі уақытта іс материалдары Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралып жатыр. ҚТЖ тергеуге толық көмек көрсетеді», — делінген хабарламада.

ҚТЖ тексеру комиссиясы ішкі тексерулер барысында «ҚТЖ «ҰК» АҚ — «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» филиалында қызметкерлердің ресми еңбек қызметінде болмағанын анықтап, материалдар құқық қорғау органдарына берілді.

Филиал басшысының тапсырмасы бойынша өтірік жұмыспен қамтылған адамдардың жеке тұрғын үй құрылысына қатысқаны белгілі болды. ҚТЖ бұл жағдайда жәбірленуші тарап деп танылғаны да хабарланды.

Сәйкес жаңалықтар

Ашхабад-2017: Сергей Григорьев жабық кешендегі Азия ойындарының рекордын жаңартты

Ришат

Сайлау-саяси науқан

bairakkz

Былтыр 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

bairakkz