Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Шерзаттың өлімі: қылмыстық іс қандай баптар бойынша жүріп жатыр?

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу Қылмыстық кодекстің қандай баптары бойынша жүргізіліп жатқанын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қылмыстық істер мына баптар бойынша жүргізіліп жатыр:

Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру),
293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық),
115-бабы (қорқыту),
432-бабы (қылмысты жасырып қалу)
434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау) қылмыстық істер тіркеліп, тергеу жүріп жатыр.

Қазіргі танда қасақана кісі өлтіруге қатысты күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам соттың санкциясымен қамауға алынды.

«Тергеу жалғасып жатыр, оның ішінде қылмыс орнында тергеу жүргізіліп жатыр. Жалпы, елдегі криминогендік жағдай қазір тұрақты», — делінген Ішкі істер министрінің жауабында.

Еске салайық, Талғарда 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.

Сәйкес жаңалықтар

СУПЕРКУБОК АЛМАТЫДА

bairakkz

Спорттағы қазақ тілі, халің қалай? 1-бөлім

Ришат

Үкімет 2024 жылғы 17 мамырдағы қаулысымен Маңғыстау облысының шекарасын өзгертті

Ришат