Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Айнұр Тұрсынбаева “инфосығандарға“ қатысты жауап берді

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында «инфосығандарға» қатысты жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің сөзінше, өтірік дүниенің ғұмыры қысқа.

«Әлеуметтік желіде сабақ сатып жүрген адамның барлығын «инфосыған» деген сөз айтылып жатады. Сығандар үлкен ұлт қой. Тұтас бір ұлтты қорлап жіберу ғой. Әрине, сабақ сатудың әртүрлі жолы бар. Әркім өз нәтижесіне қарау керек деп ойлаймын. Мысалы, неге пирамиданың ғұмыры қысқа? Өйткені адамдар алданады, сосын жабылады. Өтірік дүниенің ғұмыры қысқа», — дейді өнер иесі.

Оның айтуынша, көпке топырақ шашпай, керісінше, оның қандай нәтиже алып келгеніне назар аударылу керек.

«Жалпы психология деген Міржақып Дулатұлының кітабында бар. Бұл — қазақтың ілім-ғылымында бар дүние. Бұл психология қазіргідей қорқынышты ақпарат көп кезде халыққа өте керек дүние, сондықтан бұл дүниені құнсыздандыруға болмайды. Біздің арзан сабағымыз арқылы дүкен, наубайхана, асхана ашқан қаншама адам бар?! Сондықтан жаппай көпке топырақ шашпай, шындығында «осылардан нәтиже бар ма?» дегенге назар аударуымыз керек», — дейді ол.

Сәйкес жаңалықтар

Президент Тоқаев Украинадағы жағдайға байланысты шұғыл тапсырма берді

bairakkz

Нұрлан Қоянбаев 1 миллион теңге айлыққа мобилограф іздейді

bairakkz

Кербұлақ ауданында сайлау науқаны мерекелік көңіл-күйде өтуде

bairakkz